Кәрім Мәсімовтің үйі Астанада аукционға қойылды

ҚР ҰҚК

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы елордадағы Нұра ауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйді сатылымға шығарды.

Нысанның бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна – 117,9 млн теңге. Аукцион 25 ақпанда сағат 10:00-де өтеді.

Үйдің фотосуреттері 2022 жылы Қарим Мәсімов тұтқындалғаннан кейін ҰҚК жариялаған кадрлармен сәйкес келеді. Тергеу барысында экс-төрағаның әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталып, оның заңсыз жолмен жылжымайтын мүлік иеленгені құжатталды.

Қәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде қамауға алынды. Оның ісі «аса құпия» деп танылды. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты оны мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырды. Мәсімов үкімге шағымданғанымен, апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

2024 жылдың жазында Мемлекет басшысы мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекеттену айыптары бойынша сотталған экс-ҰҚК басшысының кешірім сұрау өтінішін қабылдамау туралы шешімге келді.

ҰҚК РК

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!