Шоу-бизнес

"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты

"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасмына жаңа образдағы фотоларын жүктеп, көптеген жанкүйерін ренжітті, деп жазады ozgeris.info.

Жақында ғана бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін сүйіншілеген Қайрат Нұртастың жары, актриса тағы да жаңа образымен суреттер жүктеп, сынға қалды. 

Көпшілік өнер иесінің бұл "ашық" образын қабылдай алмай, түрлі пікірлер жазған. 

"Адам жынды боламын десе, 1 минут екен ғой", "Мен ғана ма ұялып отырған? Атасы көріп қоймаса екен", Кезіндегі армандары шығар. Үйде отырып туа берген ғой", Өсіріп отырған ұл-қызыңнан ұялсаңшы", "Өте жаман көрінеді екен", "Мынау алжыды ғой, көрінбей отырғаны дұрыс еді", "Кімге не дәлелдегің кеп жүр", - деп жарыса жазған оқырмандар.

Ал Әбдікәрімованың өзі болса, оқырман сынына қарамастан әлі де көп суретке түсетінін айтты. 

"Осы жүктілігімде өте-мөте көп фотосессия түсіремін, бұйырса. Өйткені осыған дейінгілерде тығылып үнсіз жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ", - деді актриса. 

Барлық жаңалық