Қоғам

«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды

«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды

Қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова марқұм актердің ұрпақтарын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Әлеуметтік желіде өнер иесіне берілген астан видео тарады. Видеода Бағдат Әшімова актердің артында қалған ұрпақтарын жеке-жеке таныстырып шықты. 

«Асанәлі ағамыздың жары Бағдат апайымыз аңыз тұлға Әшімов Асанәлі ағамызға ас берді. Ағамыздың жасамаған жасын ұрпақтары жасасын! Қабыл болсын», – делінген видеода.

Желі қолданушылары марқұм актерді еске алып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Қабыл болсын», «Бағдат ақылды, дана әйел», «Арты той болсын», «Ниеттері қабыл болсын», «Жатқан жері жайлы болсын», «Ұрпағымен мың жасасын», – деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық