Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев The Muslim 500 халықаралық рейтингі бойынша әлемдегі ең ықпалды мұсылмандардың қатарына қосылды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Рейтингке Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те енген.
ТМД елдерінен рейтингке Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Равиль Гайнутдин және Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та енгізілген.
Тәжікстан атынан мүфти Саидмукаррам Абдулкодирзода, Әзербайжаннан президент Ильхам Әлиев пен Кавказ мұсылмандары басқармасының басшысы Аллашүкір Пашазаде қатысқан.
Сонымен қатар рейтингтің жеке бір бөлімі ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмагомедовке арналған. Алайда бұл қатысушыларға нақты орын берілмеген. Реттік нөмір тек алғашқы 50 адамға ғана қарастырылған.
Рейтингтің алғашқы орындарында Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман, Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф, фельдмаршал Асим Мунир және Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған орналасқан.