Желіде әнші Ұланғасыр Қамидің бала күнінде зорланғаны туралы айтылған қауесет тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Аталмыш ақпардың тарауына әнші түскен фильм себеп болған.
"Қызыл раушан" киносынан шықтық, мой шок в шоке, получается Ұланғасыр Қами бала кезінде зорланған болып тұр ғой. Бәсе біртүрлі еді өзі де", деп жазды желі қолданушысы.
Осыдан кейін әншінің өзі парақшасында жауап берді.
"Желіде "Ұланғасыр Қами бала кезінде зорланған ба" деген қауесет жүріп жатыр екен. Мұны фильмге барған адам жазыпты. Әнші болып жүргенде неге тойдың әндерін шығарып кетті, деп еді. Фильмде де сол екен, Комедия түсіре береді дейді де драма түсірсең бармайды. "Қызыл раушанды да" менсінбей жатыр, бірақ барған адамдар қатты әсерленуде. Ал бағанағы әңгімеге келсек, иә, мен сондай образды сомдап шықтым. Басты рөлде ойнаған жоқпын, күмән тудыруы мүмкін. Оны түсіну үшін киноға барыңыздар. Өз ойларыңызбен бөлісіңіздерші", деді әнші.