Шоу-бизнес

Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады

Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады

Кәсіпкер Әділет Байнашев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа Умраға жолдама сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Кәсіпкер өнер иесін өз мейрамханасында күтіп алып, құрмет көрсетті.

«2016 жылы Тұрсынбек ағамен танысқанмын. Танысқан күні сырласып, жақсы ағалы-інілі болып, 2017 жылы мамамның тойын басқарып беретін болып уәде берген. Әрине, тегін. Ол – Тұрсынбек Қабатов қой. Ойлаңыздаршы, 2016 жылы анамның тойы болатын күнді ағам өзі белгілеп, бір ауыз сөзім үшін арнайы келіп басқарып берген. Алла қаласа, бүгін араға 10 жыл салып, сол жақсылығына өзімнің алғысымды білдірсем бе деп тұрмын», – деп жазды кәсіпкер.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетіне ризашылығын білдірді.

«Орамалыңыз деп дереу сыйға-сый жасап жатқан Тұрекеңнің ақылды жарын айтсаңызшы», «Сыйластығы керемет екен», «Осылай жақсылығын да айтыңдар арасында», «Анаға көрсеткен құрметі еселенсін»,«Әйелі ақылды екен», – деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық