14 қарашада Алматыда ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концертінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші өнер көрсетіп жатқанда жанкүйерлердің бірі сахнаға шығып, онымен бірге билеп, құшақтауға тырысқан. Тіпті басындағы орамалын да шешіп тастады.
Бұл видео желіде қызу талқыланып, желі қолданушылар әйелдің әрекетін қатаң сынға алды .
«Масқара», «Жабайылық», «Өзім ұялып кеттім», «Орамалын шешетіндей не болды соншама», «Ұят-ай, мынау нағыз масқара ғой», «Мына әйелге не болған?», «Қазақ әйелдеріне кір келтірді»,– деп жазды оқырмандар.