Шоу-бизнес

«Әншілерсіз де керемет той»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті

«Әншілерсіз де керемет той»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Өнер иесінің тойдан жариялаған видеолары  көптің ықыласына бөленді.

Әнші анасының туған күнін жақын туыстарының ортасында, шағын дастарқан басында өткізген. Мерейтойда шоу-бизнес өкілдері емес, әженің немере-жиендері өнер көрсетіп, әннен шашу шашқан.

«Анаңыз жүз жасасын», «Қандай керемет», «Әншілерсіз де керемет той болыпты», «Денсаулық тілейміз», «Мақпал өте қарапайым әнші», «Немерелерінің өнері қандай тамаша», «Мақпалдың бір өзі тойдың гүлі ғой»,– деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық