Астанада жол жөндеу жұмысшыларын басынан аяғына дейін суға малшындырып кеткен 32 жастағы Lexus жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол көлігін шалшық судың үстімен жоғары жылдамдықпен жүргізіп, жол жиегінде жүрген жұмысшыларға су шашқан.
Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші бағдаршамның жыпылықтаған белгісіне қарамастан жылдамдығын төмендетпеген. Полиция оның бұл әрекетін айналасындағыларға және қоғамдық тәртіптің қарапайым нормаларына құрметсіздік деп бағалады.