Әлеуметтік желіде басы дауға қалған асаба Сабыржан Түзелбаевтың той басқарып жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде тараған кадрлардан Сабыржан асаба мен Наркенже Серікбаеваның ән салып жүргенін байқауға болады.
"Мына албасты қайта шыққан ба", "Ініміздің апасымен жарқ етіп шыққанына қуанып отырмын", "Бұл сотталмай ма, жастарды бүлдіретін болды ғой", "Шығыпты ғой, енді тек халал той өткізе ме екен", "Бұл істі болған еді ғой, қашанғы той", деп көпшілік жарыса пікір қалдырды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталғаны туралы ақпар тараған еді.