Шоу-бизнес

«Төрден орын бердім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің тоқалының даулы жазбасынан кейін үн қатты

«Төрден орын бердім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің тоқалының даулы жазбасынан кейін үн қатты

Әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында өмірге деген сүйіспеншілігі мен бала күнгі естеліктері туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Өмір, мен саған ғашықпын! Бала кезімде үйімізден қонақ үзілмеуші еді. Екі күннің бірінде қой сойылып, меймандарға бас тартылып, ет асылып жататын. Әкем де, анам да қызметтегі жандар болған соң, жұмыстарын да, ауыл тірлігін де қатар алып жүретін. Дегенмен, балалары жүгіріп көмектесіп жүретінбіз. Жасым ондар шамасында болса да, анама дастархан жайысып, оны жинап көмектесетінмін, шаршап та қалатынмын. Қазір сондай сыйлы мейманның орнында өзім жүрген екенмін. Төрден орын беріп, сый-сияпатымен қарсы алып жатқан жақсылар өте көп екен айналамда. Рақметтен басқа айтарым жоқ. Ата-анам да білген жоқ қой, өздерінің жасаған жақсылықтарының арқасында кейін балалары осылай шалқып жүретінін. Жақсы жандарым, сіздердің жақсылықтарыңызды мен қайтара алмасам да, ұрпағыңызға Жаратушының жасап қойған жақсылықтары молынан деп сенемін. Иә, мен әлемге ашықпын. Өйткені менің жүрегімде әлі де қаншама арман, қаншама махаббат, қаншама әдемі бастамалар бар!» – деп жазды әнші.

Көпшілік өнер иесіне қолдау білдіріп, тілектерін жазды.

Барлық жаңалық