Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты мен жүнді терең өңдейтін KazFeltec кәсіпорнын мысал ете отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп жазады Ozgeris.info.
Отандық өндірісті кеңейтуге, қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға назар аударылды.
Өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов баяндады. 10 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асып, 8,2%-ға өсті. Тікелей шетелдік инвестициялар екі есеге – $357,2 млн-ға дейін өсті. Өңірде энергетика, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және тағы да басқа салалардағы жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ 400 млрд теңге инвестиция тартуға және 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін арнайы экономикалық аймақ құру пысықталуда.
Ақтөбе қаласында Премьер-министр «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ның өндірістік цехтарын аралап көрді. Кәсіпорынды дамытуға 7,4 млрд теңге инвестицияланған. Жылына 100-120 мың тонна өнім өндіретін зауыт сорғы-компрессорлық және шегендеу құбырларын, субұрқақ арматурасын, ысырмалар, жылу алмастырғыштар және басқа да мұнай-газ жабдықтарын шығарады. Осы жылдың тоғыз айында шегендеу құбырларын шығару 31,4%-ға, яғни, 14,1 мың тоннаға, басқа да мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын шығару 7,4 мың тоннаға дейін өсті (2025 жылдың ұқсас кезеңінде – 179 тонна). Өнімдер ішкі нарыққа бағытталған және импортты алмастыруға ықпал етеді.
Үкімет жетекшісіне орта және жоғары қысымды клапандар мен ысырмалар шығаратын төртінші цех салу қарастырылған өндірісті кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы баяндалды. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге, іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Одан бөлек, 2 млрд теңге инвестиция көзделген құю әдісімен металл дайындамалар мен бөлшектер өндіру зауытының жобасы пысықталуда.
Олжас Бектенов сондай-ақ «KazFeltec» ЖШС-ның жүнді терең өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісінің технологиялық процесімен танысты. Зауыт директоры Ерлан Жаңабергенов жоба 2025 жылы жеке инвестициялар мен Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдау есебінен жүзеге асырылғанын баяндады. Салынған қаражаттың жалпы көлемі 5,3 млрд теңгені құраған. Кәсіпорында 2,2 мың тоннаға дейін дайын өнім шығару үшін жылына 3,6 мың тоннаға дейін жүн өңдеуге мүмкіндік беретін италиялық CORMATEX компаниясының жабдығы орнатылған. 50 жұмыс орны құрылды.
Зауыт құрылыста, жиһаз жасау және тағы да басқа салаларда қолданылатын табиғи қой жүнінен жасалған жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығарады. Бүгінде кәсіпорын шикізатты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының шаруа қожалықтарынан сатып алып отыр, бұл ауыл тұрғындарына өнімін өткізетініне кепілдік беріп, табыспен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өнім ішкі нарықта сатылуда, болашақта экспортқа шығу қарастырылған.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысының әкімдігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық өндірісті кеңейтуге, шикізатты қайта өңдеуді тереңдетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, инвесторларға қажетті жәрдем көрсетуді және өндірістік қуаттарды іске қосу мерзімдерін сақтауды тапсырды.
Жалпы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша өңдеу өнеркәсібін дамыту жаңа өндірістерді іске қосу және отандық өнім номенклатурасын кеңейтумен қатар жүруде. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 9,3%-ға өсті. Жыл басынан бері 900 млрд теңгеге 125 жоба іске қосылды. Шикізатты қайта өңдеуді тереңдетуге, автомобиль және теміржол машиналарын жасауды дамытуға, сондай-ақ салалық кластерлерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Жаңалықтар
Олжас Бектенов Ақтөбедегі зауыттарды аралап, өндірісті кеңейтуді тапсырды
Фото: Үкімет
19.11.2026
106
-
«Тойға шашылу дәстүр емес, дертке айналған»: Қазақ қоғамы даңғазалықтан қашан арылады?20:17, 19 қараша 2026
-
Олжас Бектенов Ақтөбедегі зауыттарды аралап, өндірісті кеңейтуді тапсырды19:17, 19 қараша 2026
-
-
Қарағандыда балық аулауға кеткен үш адамның мәйіті табылды17:39, 19 қараша 2026
-
«Мына ісің ұят болды»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа шүйлікті17:11, 19 қараша 2026
-
«Орны толмас қаза»: Helios ұжымы Ақтөбеде өлтірілген басшысымен қоштасты16:46, 19 қараша 2026
-
Тойдағы дарақылыққа тоқтау: Бас мүфти Астананың асабаларын жинаған16:37, 19 қараша 2026
-
«Жүгінісов Мирас деп тұр ма?»: Әнші Ақбота-Нұр сүйіктісімен сурет жариялады (ФОТО)16:26, 19 қараша 2026
-
Президент Қазақстанда шетелдік университеттер ашуға дайын екенін мәлімдеді16:22, 19 қараша 2026
-
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бастамасының басты мақсатын түсіндірді16:00, 19 қараша 2026
-
-
-
«Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады»: Айшолпан Байтүгел ағынан жарылды12:27, 19 қараша 2026
-
«Күнде жылап, кешірім сұрайды»: Жазира Байырбекова басынан өткен жайттан хабар берді12:02, 19 қараша 2026
-
«Керемет қызды жіберіп алды»: Гүлзира Айдарбекованың экс-келіні жаңа қырынан көрінді12:20, 19 қараша 2026
-
«Жанболатқа тез арада керек»: Жазира Байырбекова оқырмандарын алаңдатып қойды (ФОТО)15:06, 19 қараша 2026
-
«Көңіл-күйі жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы анасының денсаулығы сыр бергенін айтты10:26, 19 қараша 2026
-
Қазақстандағы оқиғадан кейін Navai гонорарын көтерген09:30, 19 қараша 2026
-
«Жүгінісов Мирас деп тұр ма?»: Әнші Ақбота-Нұр сүйіктісімен сурет жариялады (ФОТО)16:26, 19 қараша 2026
-
«Орны толмас қаза»: Helios ұжымы Ақтөбеде өлтірілген басшысымен қоштасты16:46, 19 қараша 2026
-
«Ұят болды, әлі сенбейміз»: Өзінен 6 жас үлкен әйелді алған әнші жаңалығын жария етті12:54, 12 қараша 2026
-
«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды12:00, 15 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
-
«Қара жерге кіргізді»: Асаба Тұрсынбек Қабатовтың тоқалын ел алдында ұялтты09:50, 12 қараша 2026
-
Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады14:23, 17 қараша 2026
-
«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі әнші Балжан Бидашқа бейәдеп сөздер жазды13:00, 17 қараша 2026
-
-
«Әзілкеш болсам да, ақымақ емеспін»: «Миллиондағы» Мансар әйелінің жазбасына жауап берді10:08, 12 қараша 2026
-
Алматыда әйелді ұзақ уақыт аңдыған ер адам ұсталды17:45, 14 қараша 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Ұят болды, әлі сенбейміз»: Өзінен 6 жас үлкен әйелді алған әнші жаңалығын жария етті12:54, 12 қараша 2026
-
«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды12:00, 15 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
«Лашын Құс» феномені: Ақгүл Әсетқызының болжамдары мен өткеніне қатысты дау19:34, 29 қазан 2026
-
Мәдина Сәдуақасованың отбасында қайғылы жағдай болды10:12, 11 қараша 2026
-
«Тұрсынбектің бетіне басып тұр»: Роза Рымбаеваның мерейтойдағы тілегі талқыға түсті10:20, 09 қараша 2026