Шоу-бизнес

«Күнде жылап, кешірім сұрайды»: Жазира Байырбекова басынан өткен жайттан хабар берді

«Күнде жылап, кешірім сұрайды»: Жазира Байырбекова басынан өткен жайттан хабар берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жазба жариялады. Өнер иесі «Әгугәй» әнін қайталап орындап жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы Жазира Байырбекова Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. Әнші Сырым Құрмановтың суретін жариялап, әнді рұқсатсыз пайдаланғандарға қатысты жауапкершілік мәселесін көтерді.

«Сақ болыңыздар! Күнде жылап, кешірім сұрап жатқан қоңыраулардың санында шек жоқ. Штрафқа түсіп, миллиондар төлетіп жатыр бұл азамат», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Әншінің айтуынша, «Әгугәй» әнін қайталап орындағандар заң алдында жауапқа тартылып жатыр.

«Әгугәйді қайталап жүргендер заң алдында жауапқа тартылып жатыр екен. Кімге кезек келмеді, тез удалить етіп үлгеріңіздер. Мына түрімен Сырым штрафтарыңызбен ақшаға малынып қалатын түрі бар...», – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Қазақстанда музыкалық шығармаларды пайдалану кезінде авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуы маңызды. Алайда белгілі бір әнді қайта орындаудың өзі барлық жағдайда заңбұзушылық болып саналмайды. Бұл мәселе шығарманың құқықтық мәртебесіне, пайдалану тәсіліне және тиісті рұқсаттардың болуына байланысты анықталады.

Барлық жаңалық