Қонаев қаласындағы мектепте алтыншы сынып оқушысы баспалдақтан құлап, көз жұмды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 қарашада түскі уақытта орта мектеп-гимназияда болған. Алтыншы сынып оқушысы үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауынан құлап кеткен.
Салдарынан баланың басынан жарақат алған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, оқушы қалалық ауруханаға жеткізілген.
17 қарашада оған ота жасалған. Алайда 18 қараша күні таңертең бала қайтыс болды.