Мемлекеттік органдар азаматтардың құқықтарын тек заңда белгіленген өкілеттік шегінде және тиісті құқықтық тәртіппен ғана шектей алады. Конституциялық сот осы мәселен түсіндірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қоғам үшін маңызды мақсаттардың болуы мемлекеттік органдарды өз құзыретін сақтау міндетінен босатпайды. Сондай-ақ олар заңда көзделген рәсімдерді орындап, азаматтардың құқықтарына қойылатын шектеулердің шамадан тыс болмауын қамтамасыз етуге тиіс.
Яғни қоғамдық мүддені қорғау мемлекеттік органдардың заң талаптарын айналып өтуіне немесе өз өкілеттігін асыра пайдалануына негіз бола алмайды.