Шоу-бизнес

«Жасымды берсін»: Мақпал Жүнісованың 90 жастағы анасының тілегі көптің жүрегін елжіретті

«Жасымды берсін»: Мақпал Жүнісованың 90 жастағы анасының тілегі көптің жүрегін елжіретті

Әнші Мақпал Жүнісованың анасының  тілегі көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі анасының видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 
Видеода Үміт апа қызына және мерейтойға арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

«Мақпал, аман-есен, жақсы бардың ба? Мені 90-ға келтіріп, бәрінің басын қосып, келгеніңе рақмет, құлыным. Мақпал, сенің жолдастарыңа, қасыңда жүрген жігіттерге көп рақмет, жаным. Мені елеп, Мақпалдың қасында жүрген өнердің балалары шығарсыздар. Бұрын көрген де шығармын. Кешіріңіздер, көрген-көрмегенімді ұмытып отырмын. Маған шапан жауып, ілтипат білдіріп, жақсылық жасап жатырсыздар. Мен Мақпал Жүнісованың анасы Үмітпін. Тоқсанға келіп, Мақпалым тойлап кетті. Жастарың ұзақ болсын. Мен сияқты 90-ға келіңіздер», – деді анасы.

Айта кетейік, жақында ғана Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын жақындарының ортасында атап өтті.

Барлық жаңалық