🏛️ Саясат

Мемлекет басшысы Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

Мемлекет басшысы Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичсті ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ozgeris.info. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі", – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббасты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі өркендей беретініне сенім білдірген еді.

Барлық жаңалық