Композитор Марат Омаров әнші Нұрлан Өнербаевпен болған «Анашым» әніне қатысты дауға тоқталып, арадағы түсініспеушіліктің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі бұл туралы журналист Аман Тасығанның T«alkLike» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Халық оның ғана әңгімесін естіді де менікін естіген жоқ. Мен оған айтпасын деп тыйым салып, шарт қойған жоқпын. Жәй ғана ескерттім. Мен емес, басқа авторлардың да өкпесі қара қазандай. Олардың барлығы маған шықты. Нұрланның сол жерде шығып, айтқаны дұрыс болмады. Халықтың ортасында “37 жыл бойы мен айтып келдім, енді айтпаймын” деді. Оған рұқсат бермеймін деп ешкім айтқан емес. Оған авторларды айту парыз еді. Себебі ар жағында қаншама еңбек бар. Үлкен басымен соған дейін қалай барды? Авторын айтсын да айта берсін. Өзінің Алла берген дауысы бар. Ол жағынан сөз жоқ. Нұрланды өзім театрға барып үйреттім. Интонациясын дұрыстадым. Алла Тағала оған тек дауыс берді. Ол ешқандай нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ», – деді Марат Омаров.