Қоғам

«Алты жасымда көршім әуреледі»: Блогер ұзақ жасырған оқиғасын баяндап, елді жылатты

«Алты жасымда көршім әуреледі»: Блогер ұзақ жасырған оқиғасын баяндап, елді жылатты

Желі қолданушысы өзінің 6 жасында зорланғанын айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұл туралы ол араға ұзақ жылдар салып айтуға шешім қабылдаған. 

"Бүгін өте ауыр тақырып, зорлық. Ол да өтті басымнан. Жасым алтыда еді, далада ойнап жүрген қызбын. Бір көршім шақырып алды. Бізді үлкендер шақырса, көмектес деп тәрбиелеген. Ойымда дым жоқ, үйге келіп кетесің бе деп шақырды, сөзін жықпай бардым. Баламын, әлі күнге дейін сол үшін өзімді айыптаймын. Сол қорқынышпен, сол сезіммен әлі өмір сүріп келемін. Шықсам шешем тұр. Неге бардың, жалмауыз деді, таяқ жедім. Қолдау көрмедім, мен кінәлімін. Сабаққа барғанда да, қайтқанда да қорқынышым сол кісі болды. Әкем де, шешем де қолдамады. Сенің кінәң жоқ деп неге айтпады деп қазір ойланамын. Ойын баласы болып та жарытпадым. Ана адамды көрмесем деп қорқатынмын. Неге басқа қалаға мені алып көшіп кетпеді екен деп қазір ойлаймын. Зорланған қызды көрсем жүрегім аузыма тығылады. Қыздарға қараңдар, оларды кешіріңдер, қолдаңдар", деп көзіне жас алды ол. 

Пікір білдірушілер ішіндегісін ақтарған әйелге қолдау білдіріп түрлі жылы сөздерін жазды. 

Барлық жаңалық