Шоу-бизнес

«Ессіз құштар»: Айгүл Иманбаева күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

«Ессіз құштар»: Айгүл Иманбаева күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен қарым-қатынасы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі махаббаттың әр кезеңде әртүрлі болатынын айтып, орта жасқа келгенде сезімнің жаңа деңгейге көтерілетінін жазды.

«Қарым-қатынастың деңгейлері әр кезеңде әртүрлі болады ғой. Бала кездегі махаббаттың түрі бөлек, ал жастық шақтағы сезім мүлде басқа. Бір-бірінсіз тұра алмайтын ессіз құштар кезеңдер артта қалып, орта жасқа келгенде нағыз саналы махаббат пайда болады екен. Саналы махаббат менің түсінігімде, қасында болғанда да, мыңдаған шақырым қашықтықта жүрсең де, бір-біріңді үнсіз көзбен түсініп, шексіз қадірлейтін, қолдау көрсете білетін ерекше күй. Мүмкін, бұл адамның интеллектуалдық деңгейіне де байланысты шығар. Кей еркектер сияқты басқа өмір іздегеннен гөрі, екі ересек адамның рухани тұрғыдан бір биікте тоғысқаны әлдеқайда биік қой», – деді ол.

Барлық жаңалық