Ақтөбе қаласында 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол үйіне басып кірген белгісіз адамның қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға 16 қарашада болған. Бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге баса-көктеп кіріп, үй иесін атып кеткен. Кейін ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ марқұмның автокөлігін алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаменті.