Шоу-бизнес

«Бишара»: Бағым Мұхитденова сахнада құлаған «КешYOU» тобының әншісін сынады

«Бишара»: Бағым Мұхитденова сахнада құлаған «КешYOU» тобының әншісін сынады

Қазақстандық танымал «КешYOU» тобының әншісі телевизиялық шоу барысында сахнада құлап қалды. Олардың өнер көрсету кезінде жіберген қателігін байқаған продюсер Бағым Мұхитденова шәкірттеріне қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Оқиға 31 арнадан көрсетілетін «AI Бәрекелді шоу» бағдарламасының түсірілімі кезінде болған.

Бағдарламаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бейнеүзіндіде «КешYOU» тобының солисі сахнада өнер көрсету барысында құлап қалғаны хабарланды.

Топ мүшелерінің сахнадағы шалыс қадамын байқаған Бағым Мұхитденова олардың өнеріне көңілі толмай, өткір сын айтқан.

«Неге біркелкі билемейсіңдер? Диананың біз өкшесі көйлегіне ілініп тіпті құлап қалды. Бишара», – деді ол. 

 

Барлық жаңалық