Қоғам

«Марқұм әйеліне ұқсайды»: Аманжол Әлтаевтың отбасылық суреті елдің назарын аударды

«Марқұм әйеліне ұқсайды»: Аманжол Әлтаевтың отбасылық суреті елдің назарын аударды

Әлеуметтік желіде айтыскер ақын, экс-депутат Аманжол Әлтаевтың жары отбасылық суретін жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ақынның жары медицина ғылымдарының кандидаты, терапевт Жанна Ешмағамбетова екені белгілі болды.

Желі қолданушылары суреттің астына түрлі пікір білдіріп, жұпқа ақ тілектерін арнады.

«Әйелі қайтыс болды деп естіген едім», «Бақытты болсын», «Әр адам бақытты болуға лайық», «Екеуі бір-бірімен керемет жарасып тұр», «Бірінші әйелінің өмірден өткеніне көп жыл болды», «Марқұм әйелі Ақмаралға ұқсастығы бар екен», «Бақыт тілейміз», – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Аманжол Әлтаевтың жұбайы Ақмарал кішкентай қызымен бірге жол апатына түсіп, 2007 жылы қайтыс болған.

Барлық жаңалық