Қоғам

«Ешкімді танымай қалған»: Кувейтте қазақстандық стюардесса белгісіз дертпен ауруханада жатыр

«Ешкімді танымай қалған»: Кувейтте қазақстандық стюардесса белгісіз дертпен ауруханада жатыр

Кувейтте 25 жастағы қазақстандық стюардессаның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Қазір отандасымыз дәрігерлердің бақылауында. Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауға алып, оның жақындарына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, 25 жастағы бортсерік Непалдан Кувейтке ұшқан рейстен кейін өзін жайсыз сезінген. Әлеуметтік желі қолданушысы Қайрат Бермұхановтың мәліметінше, сол рейстен соң экипаждың өзге мүшелерінің де дене қызуы көтеріліп, бастары ауырған.

Алғашында стюардесса екі күн жансақтау бөлімінде ем қабылдап, жағдайы біршама жақсарған. Алайда бірнеше күннен кейін денсаулығы қайта сыр беріп, айналасында не болып жатқанын түсінбей, тіпті жақындарын да тани алмай қалған.

Осыдан кейін Қазақстан дипломаттары араласып, азаматшаны Кувейттегі медициналық мекемеге қайта жатқызуға көмектескен.

Қазіргі уақытта дәрігерлер науқастың жағдайына қатысты бірнеше болжамды қарастырып жатыр. Алайда дерттің нақты себебі мен түпкілікті диагнозы әзірге анықталған жоқ.

Барлық жаңалық