Анасынан айырылған Сәкен Майғазиевтің жаназада сөйлеген сөзі талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол анасы Ұлтайдың видеосын әлеуметтік желіге жүктегенін айтқан.
"Баршамызға ақ тілегін жаудырғанын әлеуметтік желіге салған екенмін. Аз уақытымыз болса да ауылға ұшып тұратын едік, барлығымыз анамыздың жанынан табылғымыз келетін. Жақында ғана ағаларыммен бірге келіп кеттім, бірде тамақ ішеді, таниды, бірде тамақ та ішпейді, танымай да қалады. Сол кезде әлеуметтік желідегілер жан ұшырып уайымдағандарын, жандарын шүберекке түйгендерін көрдім", деді ол.
Желідегілерге Сәкеннің бұл айтқаны жақпай қалды.
"Анасы қайтыс болып жатқанда әлеуметтік желі, оқырманы несі", "Осының бәрін көрсету керек пе", "Видеоға түсірмесе болмай ма", деді көпшілік.
Алайда Майғазиевтің қайғысына ортақтасып, жылы сөздерін арнап жатқандар да жоқ емес.