Когнитивтік қарыз: ЖИ миымызды істен шығарып жатыр ма?
Осыдан 20 жыл бұрын адам бір ақпаратты білгісі келсе, кітапханаға баратын. Кейін интернет келді. Google пайда болды. Әлемдік ғылыми қауымдастық сол кезде-ақ «іздеу жүйелері адамның есте сақтау қабілетін әлсіретіп жатыр» деген пікір айта бастаған еді. Бірақ уақыт өте келе қоғам оған бейімделді. Енді адам ақпаратты жаттап алудан гөрі, оны қайдан табуға болатынын жақсы білетін болды, деп жазады Ozgeris.info.
16:08, 25 маусым 2026