Әнші Ринат Шамшырақ отбасындағы қуанышты жаңалықты айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өзінен жасы үлкен әйелге үйленген ол тағы да сәбилі болатынын жеткізді.
"Медикоштан ұят болды-ау. 4 ай енді болдық дегенде келіншегім тағы да аяғым ауыр деп бәрімізді шок қылды. Әлі сенбей жүрміз. Не де болса Алланың берген сыйы болды бізге деген. Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын", деп жазды ол.
Айта кетейік, әнші Ринат Шамшырақ Аружан Төре есімді визажист келіншекпен бас қосқан еді.