Жаңалықтар

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

 2025 жылдың ақпан айында қыз түнгі клубта демалғаннан кейін таныстарының пәтеріне барған. Сол жерде оған есінен тандыру үшін химиялық зат иіскетіп, зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Сот бес айыпталушының әрқайсысын 5 жыл 7 айға бас бостандығынан айырды.

Заң бойынша мұндай қылмыс үшін 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда сотталушылар қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағандықтан, оларға тағайындалатын ең жоғары жаза мерзімі 7 жыл 6 аймен шектелген.

Сонымен қатар сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді.

Барлық жаңалық