Жаңалықтар

Ресми: Астанада «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

Ресми: Астанада «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

2026 жылғы 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және басқа да адамдарды ұстады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық