Қоғам

«Баяннан да сұлуын тауыпты»: Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпар шықты

«Баяннан да сұлуын тауыпты»: Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпар шықты

Әлеуметтік желіде продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың жеке өміріне қатысты ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желіде тараған жазбада Бақытбек Есентаевтың жаңа қалыңдығы сұлулық байқауында жеңіске жеткені айтылған.

«Бақытбек Есентаевтың қалыңдығы Әлем аруы атанды. Қанша жасырғысы келсе де, қарсылықтар болса да, махаббат жеңді», – делінген жазбада.

Белгілі болғандай, Ақтоты Оспанова «Mrs United Elite 2026» байқауының жеңімпазы атанған.

Бұл жаңалыққа желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдірді.

«Баяннан да сұлуын тауыпты», «Баянға қарағанда жүзі жылы екен», «Өзінің талғамы мықты екен», «Қыздың сұлуын-ай, бақытты болсын», «Бақытбек те бақытты болуға лайықты» – деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық