Жаңалықтар

Балқашта АЭС салынғаннан кейін ауызсу сапасы бұзыла ма

Балқашта АЭС салынғаннан кейін ауызсу сапасы бұзыла ма

Балқаш қаласының тұрғындары үшін атом электр стансасы салынғаннан кейін ауызсудың ластану қаупі жоқ. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Утелов мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Оның айтуынша, Балқаш маңындағы елді мекендер ауызсуды жерасты көздерінен алады. Ал атом электр стансасын салу кезінде су Балқаш көлінен тартылмақ.

«Атом электр стансасының құрылысына келсек, су жерүсті көзінен, нақтырақ айтқанда, Балқаш көлінен алынады. Қазір көлді қоректендіретін Іле өзенінің арнасын тазарту жобаларын жүзеге асырып жатырмыз. Сондықтан Балқаш көлі халықты ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты қауіп төндірмейді», – деді Сағи Утелов.

Барлық жаңалық