Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жары, әнші Аймира Аман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі жазбасында көпшілікке ой салатын әсерлі сөздермен бөліскен.
«Сен бұл әлемде кездейсоқ жүрген жоқсың. Сен біреудің қуанышысың, біреудің шабыт көзісің. Сен біреудің үнсіз үмітісің», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Осындай әйелді көзі қиып қалай тастаған?», «Сен де бақытты болуға лайықтысың», «Теңін тауып кетсін», «Өте әдемі екен», «Дариғадан да сұлу ғой, оның қай жеріне қызыққан?» – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, күні кеше актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасады.