Әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың отбасындағы жағдай туралы жазбасынан кейін пікір білдірді. Ол ажырасқысы келмейтінін және шаңырағын сақтап қалуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін Нұрайым Халила күйеуі алты күн бойы үйге келмегенін және өзін барлық жерде бұғаттап тастағанын жазған. Сондай-ақ үш баласымен баспанасыз қалғысы келмейтінін айтып, үйден кетпейтінін мәлімдеген.
Ал Мансар Орынхан отбасы өзі үшін ең үлкен байлық екенін жеткізді.
«Ешқандай отбасы ажыраспасын, балалар жетім қалмасын. Алладан тек соны тілеймін. Менің ең үлкен байлығым – менің отбасым. Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін. Ақша мені өзгертпеді. Әзілкеш болсам да, ақымақ емеспін», – деп жазды әзілкеш.
Ол отбасындағы жағдайдың реттелгенін де айтып, күндіз-түні еңбек етуінің басты себебі отбасы екенін атап өтті.