Жаңалықтар

Маңғыстауда ерлі-зайыпты сотталып кетті

Маңғыстауда ерлі-зайыпты сотталып кетті

Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді пайдаланып, олардан 3 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды. Сот үкімімен әйелге 4 жыл 6 ай, ал ер адамға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, соттың 2026 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен Р. және А. Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша кінәлі деп танылды.

Сот анықтағандай, сотталғандар күш қолданатынын айтып қорқытып, бопсалау арқылы интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді иемденген. Кейін өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден 3 млн теңге талап еткен.

Сот талқылауы кезінде мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін растайтын дәлелдер ұсынды. Сот оларды айыптау үкімін шығаруға жеткілікті деп таныды.

Сот А.-ға 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал Р. 4 жылға сотталып, жазаны өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы қорқыту немесе ақша талап ету жағдайларына тап болған азаматтарды дереу «102» нөміріне хабарласуға шақырды.




Барлық жаңалық