Белгілі блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қайғылы хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогерге көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.