Жаңалықтар

Көлік министрлігі балалар арбасына қатысты талапты түсіндірді

Көлік министрлігі балалар арбасына қатысты талапты түсіндірді

Көлік министрлігі автобустарға балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды,  деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы ережелерде мұндай шектеу жоқ. Алайда автобус лық толы болса, ата-аналарға бос орын болған жағдайда арбаны бүктеп алып жүру ұсынылады. Бұл жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеу үшін қажет.

Министрлік арбаны бүктеу мүмкін болмаған жағдайда жолаушы сапарын жалғастыра алатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл үшін айыппұл салу немесе автобустан түсіру қарастырылмаған.

Барлық жаңалық