Сәкен Майғазиев «Музарт» тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаевқа арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі досын 50 жасқа толуымен құттықтап, ақ тілегін жеткізген.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жазбаға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Тек “Музарттан шығарып жібергенім болмаса” деп аяқтау керек еді», «Өсек-аяңды құттықтауға қоспаса да болады ғой», «Смайликтерді аз салыпты», «Мақсат – “Музарттың” алтын дауысы», «Уақытында еленбеген достықтың өкініші бар ма?» – деп жазды көпшілік.