🏛️ Саясат

ҚТЖ басшысының ұсталуына қатысты компания мәлімдеме жасады

ҚТЖ басшысының ұсталуына қатысты компания мәлімдеме жасады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Компанияның хабарлауынша, 2026 жылғы 12 қарашада жария болған аталған ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында назарға алынған.

«ҚТЖ» құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсетіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Компания әзірге жарияланған ақпараттан өзге мәліметке ие емес екенін атап өтті. Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтіндіктен, қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

Сондай-ақ «ҚТЖ» мен оның компаниялар тобының жұмысы штаттық режимде жалғасып жатқаны айтылды. Компания инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелердің күшінде екенін әрі қолданыстағы келісімдерге сәйкес орындалатынын растады.

 

Барлық жаңалық