Жаңалықтар

Астанада автобус оқушыны қағып кетті

Астанада автобус оқушыны қағып кетті

Молдағалиев көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобус жүргізушісі жол-көлік оқиғасына жол берген, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жолды реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Барлық жаңалық