Теміртау қаласында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
Өкінішке қарай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.