Қарағанды облысы, Абай қаласындағы №1 мектепте 17 жыл бойы аула сыпырушы болып еңбек еткен азаматты мектеп ұжымы мен директоры ерекше құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл – жай ғана қоштасу емес, адал еңбекке көрсетілген құрмет пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.
«Ақша мен мансап алдыңғы орынға шыққан заманда қарапайым еңбек адамына осындай құрмет көрсету – үлкен өнеге.Мектеп ұжымы адамдық қасиетті, сыйластық пен еңбекті бағалауды бәрінен жоғары қоятынын көрсетті»,- деп жазды оның жиені.