Жаңалықтар

Алматыда екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

Алматыда екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

Алматы қаласында екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды 

Өрт Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан шыққан.

ТЖМ-нің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің жақын орналасқан нысандарға таралу қаупі бар екені анықталған.

Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Өрт сөндіру штабы құрылды.

ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

 

 

Барлық жаңалық