Актер Жанболат Найзабеков анасын көпшілікке таныстырып, киносының көрсетіліміне ертіп келді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желі қолданушылары анасы мен ұлының әсерлі сәтіне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Анаңыз сауығып кетсін», «Мақтанышпен қарап отыр», «Жүз жасасын», «Денсаулық тілейміз», «Әр қуанышта қасыңда болсын, – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, актер сұхбаттарының бірінде анасының денсаулығына қатысты жағдайды баяндаған болатын.