Жаңалықтар

Көкшетауда екі жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Көкшетауда екі жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Көкшетауда №10 бағыттағы автобуста жүргізуші мен екі жолаушы арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал жүргізушінің жолаушылардан автобустың алдыңғы жағына қарай жылжуды сұрауынан басталған. Желіде екі жолаушының мас болғаны туралы да пікірлер жазылды.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тексеру барысында жолаушылардың бірі жүргізушінің бетінен ұрғаны анықталған. Алайда жүргізуші арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, ер адам ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық жаңалық