Қоғам

«Бәрі әлі де түс сияқты»: Асанәлі Әшімовтің қызы әсерлі жазба жариялады

«Бәрі әлі де түс сияқты»: Асанәлі Әшімовтің қызы әсерлі жазба жариялады

Қазақ өнерінің аңызы Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесін сағынып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

«Бүгін әкемнің бір жылдық асы болды. Бірақ уақыттың өтуі сағынышты азайтпады. Бәрі әлі де түс сияқты. Әлі де сен жоқ өмірге үйрене алмай жүрмін…», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары марқұмның қызына көңіл айтып, жылы лебіздерін білдірді.

«Асылдың сынығы», «Қызы өте сұлу екен», «Жаны жәннатта болсын», «Сағыныш ешқашан басылмайды», «Әкесінен аумайды», – деп пікір қалдырды.

Барлық жаңалық