Ақмола облысында К-700 тракторы аударылып, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қайғылы оқиға 14 қарашада Зеренді ауданына қарасты Елікті ауылының маңында болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ауыр техника аударылған кезде кабинадағы жүргізушіні трактор басып қалған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.