Жаңаөзендегі Рахат-2 шағынауданында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жол апаты 15 қарашада сағат 14:30 шамасында болған. Toyota Camry мен Daewoo Nexia соқтығысқан. Соққыдан кейін көліктердің бірі бағанаға соғылып, ауыр баған оның үстіне құлаған. Салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция апатқа үш емес, екі көлік қатысқанын мәлімдеді.