Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражатын жұмсау кезінде қазақстандық тауар өндірушілерге басымдық беру керегін айтты. Оның сөзінше, мемлекет қаржысына сатып алынатын материалдар да отандық өнім болуы тиіс, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Бюджеттен бөлінген қаражат қазақстандық компаниялардың игілігіне жұмсалуы керек. Ал сол қаражатқа алынатын материалдар да елімізде өндірілген болуы қажет. Бұл – барлығымыз ұстануға тиіс қарапайым қағидат. Егер белгілі бір тауар Қазақстанда шығарылса, оны сатып алмай, шетелден әкелу – мемлекет мүддесіне қайшы әрекет. Мұны ашық әрі үзілді-кесілді айтуымыз керек. Өңір әкімдері мен Үкімет мүшелері осыны ескерсін», – деді Олжас Бектенов.