Жаңалықтар

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota Camry жүргізушісі қаза тапты

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota Camry жүргізушісі қаза тапты

Алматыда Ауэзов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында, «Атакент» көрме орталығының қарсысында жантүршігерлік жол апаты болды. Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Соқтығысудан кейін өрт сөндіру көлігі жеңіл автокөлікті бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп кеткен. Екі көлік те жолдан шығып кетіп, бағдаршамды құлатып, арық маңына тоқтаған.

Өрт сөндіру көлігі жарық бағанына соғылғаннан кейін тоқтаса, Toyota Camry гүлзарға қарай ұшып кеткен. Соққыдан жеңіл көлік түгелге жуық мыжылып қалған.

Toyota Camry салонында жалғыз болған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Құтқарушылар оның денесін темір-терсекке айналған көліктен шығарып алуға мәжбүр болды.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Барлық жаңалық