Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде шахтада заңсыз алтын іздеп жүрген адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтада тас құлап, заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.